← Барлық жаңалықтар
Зерттеу және талдау

Зерттеу тобының жұмыс кездесуі

Зерттеу тобының жұмыс кездесуі

«Жасанды интеллект және әлеуметтік әділеттілік этикасы» жобасы технология, қоғам және этика тоғысында туындайтын жаңа сын-қатерлерді зерделеуге бағытталған.

Жоба аясында зерттеу тобы ғылыми материалдармен жұмыс жүргізіп, жасанды интеллект этикасына қатысты заманауи тәсілдерді талдайды және оның дамуы мен қолданылуының әлеуметтік салдарын қарастырады.

Жұмыс кездесуі барысында атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар негізгі тұжырымдарды талқылап, зерттеудің жекелеген бағыттарын одан әрі тереңдету жөнінде ұсыныстарын білдіріп, қосымша назар аударуды қажет ететін мәселелерді айқындады.

Талқылау қорытындысы бойынша зерттеу материалдарымен одан әрі жұмыс істеу және жекелеген тәсілдерді нақтылау бойынша ұсынымдар әзірленді.